Алматы • Бүгін, 17:06

Майдангер ғасырлық мерейтойын атап өтті

32 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші дүниежүзілік соғысының майдангері және еңбек ардагері, Алматының Медеу ауданының құрметті тұрғыны Виктор Карпович Изюмников өзінің 100-ге толған туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Майдангер ғасырлық мерейтойын атап өтті

Фотолар: gov.kz

Ардагерге Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Алматы өңірлік гарнизонының бастығы генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің атынан құттықтау жеткізіліп, естелік сыйлықтар табысталды.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Виктор Изюмников 1924 жылы Орал облысы, Зеленов ауданы, Чернояров елдім мекенінде дүниеге келген. 1942 жылы майданға шақыртылып, Ленинград әскери байланыс училищесіне (сол кезде Оралға көшірілген) алынады. Оқуды аяқтамастан 1943 жылы маусымда бір топ курсант әуе-десанты әскерлеріне жіберіледі.

gov.kz

Виктор Карпович – Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы, экономика ғылымдарының кандидаты, екі рет Жоғарғы Кеңестің депутаты болып сайланған. Қазақстан Компартиясы ОК мүшесі, Қазақстан Министрлер Кеңесінің іс басқарушысы болды.

«Виктор Карпович - қазір Алматыда тұратын әуе-десанты әскерлерінің жалғыз ардагері. Біз үшін құрметті ақсақал батылдықтың, табандылықтың және әскери борышқа адалдықтың нағыз үлгісі болып саналады», деп атап өтті Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов.

gov.kz

gov.kz