Заң • 29 Қараша, 2024

Жоғарғы Сот еңбек даулары мен мұрагерлік жөніндегі құқық қолдануды түсіндірді

66 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді. Оның жұмысына Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, ғалымдар, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Бас прокуратураның, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің және адвокаттар алқасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоғарғы Сот еңбек даулары мен мұрагерлік жөніндегі құқық қолдануды түсіндірді

Еңбек дауларын шешу туралы нормативтік қаулылардың (НҚ) жобалары, азаматтық және азаматтық-процестік заңнамасы бойынша НҚ жобаларына өзгерістер, соның ішінде мемлекеттік тілдегі НҚ жобаларына өзгерістер талқыланды.

Сонымен қатар Жоғарғы Соттың судьясы Тыныштық Молдахметова еңбек дауларын шешудің сотқа дейінгі тәртібін, еңбек шартын жасасу, өзгерту және бұзу тәртібін, еңбек жағдайларын өзгертуді, келісім комиссиясының рөлі мен өкілеттіктерін кеңейтуді түсіндірді.

Бұған қоса жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға қызметкердің ауысымаралық демалыс кезінде мас күйінде болуын анықтау негіз бола алмайтыны атап өтілді. Басқа да құқық қолдану мәселелері талқыланды.

Жоғарғы Соттың судьясы Ғалымжан Мырзакенің айтуынша, 11 НҚ-ға, АК-ке және АПК-ке сот қызметінің жалпы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді, заңға енгізілген өзгерістерге қатысты кейбір терминдер бір жүйеге келтірілді, талап қоюдың мазмұнына қойылатын талаптар нақтылануда, талап қоюға енгізілетін дәлелдемелер егжей-тегжейлі қарастырылуда, ЖШС жарғылық капиталының мөлшерін анықтау тәртібін нақтылауда, акционерлердің жалпы жиналысын шақыру және өткізу тәртібі, т.б. түсіндіріліп жатыр.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов өз сөзінде азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау үшін құқықтық құжаттарды мемлекеттік тілде сапалы әзірлеудің, олардың жеңіл әрі қолайлы болуының маңыздылығына тоқталды. Баяндамашы НҚ-ның нақтылаулары сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ететінін атап өтті.

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев пікір алмасудағы конструктивизмді жеткізіп, НҚ жобаларының өзектілігіне тоқталды.

Талқылау нәтижесінде жалпы отырысқа қатысушылар нормативтік қаулыларды қабылдау үшін дауыс берді, олар Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында «Заңнама» бөлімінде орналастырылған.

НҚ ҚР нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми түрде жарияланады.