Әлем • 29 Қараша, 2024

Кипр НАТО-ға кіруге ниетті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кипр НАТО-ға кіруге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz DW басылымына сілтеме жасап.

Кипр НАТО-ға кіруге ниетті

Фото:depositphotos.com

Бұл туралы журналистерге ел президенті Никос Христодулидес растады. Ол Вашиңтонмен Солтүстік Атлантикалық альянсқа кіру жолдары талқыланып жатқанын айтты. Республиканың альянсқа мүшелігінің ұсынылған үш деңгейі қарастырылып жатыр.

Кипр президентінің айтуынша, Түркияның қарсылығына байланысты елдің НАТО-ға мүше мемлекет бола алмауы ел армиясын модернизациялауда да, әскери техника алуда да көптеген мүмкіндіктерден айырады.

Никос Христодулидес атап өткендей, елдің тосқауылдық әлеуетін күшейту өте маңызды. Бұл арқылы ол елдің НАТО мен Америка Құрама Штаттары, сондай-ақ арал қатысатын ЕО қорғаныс бағдарламалары арқылы мұнда мүмкіндіктер іздеп жатқанын түсіндірді.

Сонымен бірге ол Кипрдің басты артықшылығы – аралдың «ерекше геостратегиялық маңызы бар аймақта» географиялық орналасуын атап өтті.