Қоғам • 29 Қараша, 2024

«55 млн теңге». 81 кәсіпкерден қаржы жымқырған күдікті ұсталды

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысында бірнеше қоғамдық ұйым мүшесіне алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«55 млн теңге». 81 кәсіпкерден қаржы жымқырған күдікті ұсталды

фото: gov.kz

Ол «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актілерінен, балалар шығармашылығы және спорт саласында анықталған бұзушылықтарды алып тастау үшін 81 кәсіпкерлік субъектісінен өзінің сенімді тұлғалары арқылы 55 млн теңгеден астам қаражат алған деген күдікке ілінді.

«Спорттық жабдықтардың талаптарға сәйкес келмеуі, балалардың келуін есепке алудың бұзылуы, бейнебақылау жүйелерінің толық сәйкес келмеуі және спорт секцияларына баратын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да бұзушылықтар анықталды», делінген хабарламада. 

Аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сотпен күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Өзге мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.