Аймақтар • 30 Қараша, 2024

21 жастағы жігіт жалған долларды теңгеге айырбастамақ болған

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының тұрғыны банкте жалған долларларды айырбастамақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz

21 жастағы жігіт жалған долларды теңгеге айырбастамақ болған

«21 жастағы ер адам Халық банкі филиалына барып, 1 мың АҚШ долларына тең 10 жалған купюраны айырбастамақ болды. Банк қызметкерлері банкноттардың жалған екенін бірден анықтап, құқық қорғау органдарына хабарлады», делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл бап жалған ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, тасымалдау және айналымға енгізу бойынша жауапқа тартуды қарастырады.

«Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сараптама тағайындалды. Сараптама банкноттардың нақты қайдан шыққанын және қаншалықты жалған екенін анықтайды», дейді полиция өкілдері.