Алкоголь саласы ел экономикасында маңызды рөлге ие, әйтсе де ең басты орында – тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі.
«Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» жаңа техникалық регламент тұтынушылар үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуге, алкогольдік ішімдіктердің сапасын арттыруға және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымының ашық стандарттарын енгізу мақсатында қабылданған.
Техникалық регламент жалпы ережелерді, қауіпсіздік талаптарын, таңбалау стандарттарын, өндіріс, сақтау және тасымалдау шарттарын, сондай-ақ сәйкестікті растау рәсімдерін қамтитын бірнеше бөлімнен тұрады.
Әрбір норма тұтынушылардың денсаулығын қорғау және ережелерді сақтау үшін алкоголь өнімдерін реттеудің негізгі аспектілерін қамтиды.