Салық • 01 Желтоқсан, 2024

Азаматтардың аударымдарына салық салынбайды – ҰЭМ

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрлігі азаматтардың банктік аударымдарына қосылған құн салығына салық салу туралы ақпараттың таралуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азаматтардың аударымдарына салық салынбайды – ҰЭМ

– Бұл ретте банктер өз қызметтері үшін клиенттерден алатын комиссияларға салық салу (ҚҚС) жөнінде айтып отырмыз. Мысалы, картаны шығару үшін немесе аударымдар үшін банк алатын комиссиялар. Жаңа Салық кодексінің жобасында екінші деңгейдегі банктердің қаржылық операцияларына қолданыстағы жеңілдікті жою жөніндегі норма ұсынылады. Азаматтар жүзеге асыратын аударымдардың өзіне салық салынбайды. Егер, бір банктің ішіндегі ақша аударымдары комиссиясыз жүзеге асырылса, тиісінше мұндай жағдайларда салық салынбайды, – деп түсіндірді министрлік.

Еске сала кетейік, жаңа Салық кодексінің жобасы қазір талқылау сатысында тұр. Ұсынылған нормалар Парламентте, бизнес-қоғамдастықпен және жұртшылықпен талқылануда.