Фото: gov.kz
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жаңа қолбасшысы генерал-майор Ержан Ибраев 1978 жылы 1 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Алматы жоғары әскери училищесін «Командалық-тактикалық мотоатқыштар әскерлері» мамандығы бойынша, 2009 жылы Ұлттық қорғаныс университетін «Жедел-тактикалық басқару (басқару)» мамандығы бойынша бітірді. 2020 жылы Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясында «Ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік қорғаныс» мамандығы бойынша білім алды.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы штабының офицерлері мен әскери қызметкерлерінің жаңа қолбасшымен танысуы символикалық сипатқа ие болды. Бір жыл бұрын генерал-майор Ержан Ибраев оңтүстікте әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – әскерлер штабы бастығының орынбасары қызметін атқарса, жеті жыл бұрын Тараздағы 5-механикаландырылған бригаданы басқарған.
Ержан Ибраев лейтенанттан полковникке дейін әскери қызметтің барлық сатысынан өтті. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Бұл тағайындауға дейін «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерін басқарды.