Ауа райы • Кеше

Алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері 3-5 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады

фото: aikyn.kz

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктер қалыптасады, бұл ауа райының тұрақсыздығына себеп болады.

«Елдің солтүстік, орталық өңірлерінде аздаған қар, оңтүстік, шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түседі», делінген хабарламада.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс болмайды.