Фото: primeminister.kz
300 орындық жатақхана құрылысына 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.
Жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, медициналық блок, асхана, ойын бөлмелері салынады деп жоспарланған.
Үкімет мәліметінше, бүгінде «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» арнайы кешенінде 363 адам оқып жатыр. Жаңа ғимараттың құрылысы 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жояды.
Қазір қолданыстағы жатақхана 1975 жылы салынған. Орын тапшылығына байланысты оқу орнындағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын бөлмелер ретінде пайдаланылып келген. Ал 67 оқушы үйде оқуға мәжбүр болған.
Жаңа жатақхана заманауи үлгіде салынып, балалардың білім алып, жайлы өмір сүруін қамтамасыз етпек.