Оқиға • 04 Желтоқсан, 2024

Шымкентте зейнеткерді көлік қағып кеткен

2801 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған зейнеткерді көлік қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте зейнеткерді көлік қағып кеткен

фото: gov.kz

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«2 желтоқсанда Жібек жолы көшесінде Nissan Primera автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерден жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері 79 адам жол апаты салдарынан көз жұмған.