03 Ақпан, 2015

Бірлік түбі – білікті іс

234 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Минск кенес Минск қаласында ТМД мемлекеттеріндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық қызметін үйлестіру бойынша сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысы өтті. Отырысқа ТМД атқарушы хатшысы С.Лебедев, Ресейдің бас прокуроры Ю.Чайка, Беларусь Республикасының Бас прокуроры А.Конюк, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шпекбаев, сондай-ақ, ТМД атқарушы комитетінің өкілдері қатысты. Онда жоғарыда аталған кеңестің басты міндеттері айқындалды. Соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметті ұйымдастыру, ТМД қатысушы мемлекеттерімен осы саладағы міндеттерді іске асыруды саралау және әр елдің ұлттық заңнамасын өзара үйлестіруге жәрдемдесу, әрі ынтымақтастықтың құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау айрықша назарға алынды. Сонымен қатар, кеңестің өкі­леттігіне мамандар біліктілігін арттыру, осы мақсаттарға ТМД елдерінің негізгі ұйымдарын құру, өзара қызығушылықты білдіретін мәселелер бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кіреді. Отырыстың барысында Мем­лекеттік қызмет істері және сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігінің төрағасы Қай­рат Қожамжаров Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы  мемлекетаралық кеңестің тең төрағасы, ал төрағасы болып Беларусь Республикасының Бас прокуроры А.Конюк тағай­­ын­­далды. Осылайша, Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы  мемле­кет­аралық кеңес туралы ереже бекітіліп, кеңестің хатшылығы тағай­ындалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің келісіміне Армения, Беларусь, Қазақ­стан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойды. Ал келесі отырыс Астана қала­сында 2015 жылдың 4-тоқсанында өткізіледі, деп хабарлады Мем­ле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.