Таным • 05 Желтоқсан, 2024

Ғалам ғажаптары: Автоматтандырылған метро

52 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сауд Арабиясынның Эр-Рияд қа­ласында әлемдегі ең ірі автомат­тан­дырылған метро іске қосылды.

Ғалам ғажаптары: Автоматтандырылған метро

Метро 5 желіден тұрады. Ұзындығы 176 шақырым. Қазіргі кезде үш желі жұмыс істеп тұр. Ал қалғандары келесі жыл­дың қаңтар айында ашылады деп жоспарланған. Метро күніне 3,6 миллион жолаушыны тасымалдай алады. Соның арқасында жеңіл көлік қозғалысы сиреп, көмірқышқыл газының шығарылуы жылына 12,5 миллион тоннаға азаяды деген үміт бар. Вагондар отбасыларға, жеке жо­лаушыларға, мүмкіндігі шектеулі адам­дарға деп үш санатқа бөлінген. Авто­мат­тандырылған жүйе пойыздардың қауіпсіздігі мен бірқалыпты қозғалысын қамтамасыз етеді.

 

Курьерлерге арналған көзілдірік

пр

«Amazon» курьерлерге арналған «ақылды көзілдірік» жасап жатыр. 

«Amelia» деп аталатын құрылғы діттеген мекенжайға апаратын жолды көрсетіп, сәлемдеме жеткізу жұмысын жеңілдетеді. Сондай-ақ көзілдірік ғима­ратқа кір­геннен кейін үйді адаспай табуға кө­мектесіп, соңына дейін бағдар береді. Сәлемдеменің жеткенін растау үшін көзәйнекке бейнебақылау жүйесі орнатылады. «Amazon» компаниясының дерегінше, «Hands-free» технологиясы арқылы жұмысты оңтайландырып, физикалық жүктемені азайту да жоспарда бар. Жоба 2026 жылға қарай толық іске асады.

 

Пойыздағы 5G

ге

Қытай зерттеушілері вакуумдық пойыздарда тұрақты байланысты қамтамасыз ететін технология әзірледі.

Вакуумдық пойыздар сағатына 1000 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Ол магнит левитациясының арқасында ұшақтан да тез жүреді. Бұл жобаны ең алғаш Илон Маск ұсынған болатын. Алайда ол әлі іске асқан жоқ. Қытай­лар оның алдын орап, «Hyperloop» желісі 2035 жылы іске қосылатынын мәлімдеді. Тіпті олар пойызды интернетпен қам­тамасыз ететін технология да жасап шыққан. Байланысты тұрақты ұстау үшін зерттеушілер құбырдың ішіне екі параллель кәбіл жүргізуді ұсынып отыр. Кәбілдер сигнал таратып, интернетпен тұрақты қамтамасыз етеді.