АСТАНА. 17 маусым. Елбасы Катар Мемлекетінің сыртқы істер министрі Халед әл-Атыяны қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция және көлік-транзит салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Катардың қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтті.
«Сіздің сапарыңыз ынтымақтастығымыздың деңгейін одан әрі көтеруге септігін тигізетініне сенімдімін. Катар біздің елордамыздың құрылысына, соның ішінде «Нұр Астана» мешітінің құрылысына жәрдем етті. Сонымен қатар, Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен жандар үшін Семей қаласында салу жоспарланған сауықтыру орталығының құрылысына жасалған көмекке ризашылық білдіргім келеді», – деді Мемлекет басшысы.
Бұл жоба Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қоры мен Катар даму қорының өзара ықпалдастығы негізінде жүзеге асырылуда.
Халед әл-Атыя өз кезегінде Катар әмірінің сәлемін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастық одан әрі нығая береді деп үміттенетінін білдірді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 17 Маусым, 2015
Елбасы Катардың сыртқы істер министрі Халед әл-Атыяны қабылдады

Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше