Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2024

Түркістан облысында жолдың ақшасын жеген жемқорлар анықталды

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында автомобиль жолдарын салу барысында жүйелі түрде жемқорлық жасалынып келгенін анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Түркістан облысында жолдың ақшасын жеген жемқорлар анықталды

Фото: depositphotos.com

Антикор бұл жағдайға облыстағы жол салу барысын тексеру кезінде көз жеткізген.

Заң бұзушылар бәсекелестікке жатпайтын тәсілмен 2,2 млрд теңгеге негізсіз шарттар жасап, өзге сылтаулармен нақты мердігерлерді іріктеп алған. 

«Осындай процестер конкурстық процедураларды айналып өтуге және жұмыс тәжірибесі мен ресурстары жоқ фирмаларға артықшылық берген. Бұл ретте орташа жөндеу жүргізуге арналған сметаға күтпеген шығыстарға арналған шығындар негізсіз енгізіліп,  жұмысты 177 млн теңгеге қымбаттатқан», делінген Антикор хабарламасында. 

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар талап етілмеген жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 210 млн теңге жұмсағаны белгілі болды.

Талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып отыр. Ал Түркістан облысының әкімдігі жолдарды орташа жөндеу кезіндегі ықтимал шығыстарды алып тастады.