Сурет: actuia.com
Зерттеушілер жан басына шаққандағы ІЖӨ, ұлттық жинақ деңгейі, адам дамуының индексі (HDI), Джини коэффициенті (қоғамдық теңсіздік көрсеткіші), кедейлік деңгейі сияқты негізгі индикаторларға мән берді. Рейтинг нәтижесі кейінгі жылдары экономикамыздың ілгері басқанын көрсетеді. Мұны негізгі экономикалық көрсеткіштердің артуы да растайды.
«HelloSafe» зерттеуі үздіктер қатарында Еуропа елдері басым екенін көрсетті. Олардың арасында Люксембург (86,2), одан кейін Норвегия (85,1), Ирландия (84,7) көш бастап тұр. Еуропалық емес елдер арасынан Қатар мен Сингапур ғана алғашқы бестіктен орын алған. Бұл – олардың серпінді экономикасы мен дамыған инфрақұрылымының көрінісі.
Оған қоса жуырда «S&P» агенттігі еліміздің өңдеуші салаларының қараша айындағы индексін де жасаған еді. Ондағы жағдай қазанға қарағанда, қарашада жақсара түскен. Өндіріс, жұмыспен қамту, сатылым ұлғайған. Өндіріске қажет ресурс құны қарқын алып, қарашада жаңа тапсырыстар рекорд жасады. Бұл туралы «Freedom Holding Corp.» елдегі өңдеуші салалар «PMI®» өндірістік көрсеткіштер туралы есебінде айтты. Бұл үдеріс өндіріс көлемі мен сатып алу белсенділігінің артуына, жұмыс орнын ашуды тоқтатпауға септескен. Теңге бағамы әлсірегеннен қазан айынан бері инфляциялық қысым күшейгені белгілі. Сатып алу менеджерлерінің индексі көрсеткіші қазан айында 51.7-ден 53.5-ке дейін өсті. Демек өңдеу өнеркәсібіндегі ахуал анағұрлым жақсарған. Оған қоса бизнес жүргізу шарттары тамыз айында тіркелген жоғары нәтижеден асып, айтарлықтай күшейді.