Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2024

Орал тұрғыны үш метрлік кәріз құдығына түсіп кеткен

698 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орал тұрғыны үш метрлік кәріз құдығына түсіп кеткен

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сенсек, оқиға сенбі күні Урдинская көшесіндегі үйдің жанында болған.

«1989 жылы туған ер адам үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен. Жақын маңнан өтіп бара жатқан адамдар көмек сұраған дауысты естіп, 112-ге жүгінген», делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамды альпинистік құралдардың көмегімен алып шықты.

«Олар зардап шегушіні жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», деп қосты баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Табиғат тылсымы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Тазалық акциясы басталды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:12

Өлшемдері өзгеше

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Судан шыққан шу

Шымкент • Бүгін, 08:08

Деревянко демеушілік еткен көкпар

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:05

Құпия құбылыс

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:02