Өрт Үштөбе қаласындағы жеке тұрғын үйдің шатырынан шыққан.
«Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекетінің арқасында өрт аз аумақты ғана шарпыды. Сонымен қатар өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілер түтін басқан үйдің ішінен газ баллонын шығарып, қауіпсіз жерге орналастырды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және газ баллондарының жарамдылығы мен қауіпсіздігін үнемі тексеруге шақырады.