
Фото: bleepingcomputer.com
Биыл 11 айдың есебі бойынша Қазақстанда ұрлық-қарлық 28,1%-ға азайды, яғни 40 458-ден 29 089-ға дейін төмендеген.
Ұрлық көбіне Алматы және Астана қаласында тіркелсе, (6 675/3 727) Маңғыстау және Ұлытау облысында ұрлық (396/298) аз болған.
– Ұялы телефондар ұрлығы 31,2%-ға төмендеген (10 051-ден 6 919-ға дейін), көбіне Алматыда – 1 989 және Астанада – 669, ең азы Ұлытау облысында – 54.
– Автокөлікті ұрлау 46,1%-ға (256-дан 138-ге дейін) азайған.
– Пәтер ұрлығы (үйді тонау) бойынша да қылмыстың 33,7%-ға , яғни 3 398-ден 2 252-ге дейін төмендеу динамикасы байқалған.
– Мал ұрлығы 30,3%-ға немесе 1 432-ден 998-ге дейін төмендеді, ең көбі Алматы-194, Абай – 126, Түркістан – 114, Жетісу – 97 облыстарында тіркелген.
Еске салайық, Қазақстанда 2022 жылдап бастап ұрлық жасау қылмысы бойынша жаза қатаңдатылды.