Энергетика • 10 Желтоқсан, 2024

Таза энергия көзіне арналған көрме

39 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тұрақты әрі үздіксіз қуат көзі бәрімізге керек. Оның үстіне энергия – экономиканың негізгі қозғаушы күші. Сондықтан энергия тақырыбы ешқашан күн тәртібінен түспейді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та үнемі назар аударып отырады.

Таза энергия көзіне арналған көрме

Қазіргі уақытта елімізде таза энергияға деген көзқарас өзгерді. Оның бір дәлелі биылғы қазан айында өткен бейбіт атом электр стансасын салуға қатысты өткен жалпы халықтық референдумда көрініс тапты. Ал таяуда Астана қаласы әкімдігі «Орталықтандырылған кітап­ханалар жүйесіне» қарасты Орта­лық балалар және жас­өспі­рімдер кітапханасында «Қазақ­стан­дық атом электр стансалары» ЖШС-мен бірлесіп, таза энергия тақырыбына арналған кітап­тар­дан арнайы кітап көрмесі өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ағартушы іс-шара бір күндік қана емес. Анығында көрме бір ай бойы кітапхана оқырмандарына қолжетімді болады. Сондай-ақ кітапхана оқырмандарына «АЭС: Тұрақ­ты энер­гия» атты арнайы дайын­дал­ған 20 минуттық фильм көр­се­тілді.

Ондағы мақсат – атом электр стансасының алдағы жұмысы туралы көпшілік назарына толыққанды ақпарат ұсыну. Халық арасында таза энергия өндіру жолы АЭС-ке қатысты үстіртін әңгімелер айтылғанмен, ғалымдар дәлелдеген, ғылыми еңбек­тер мен деректі фильм­дер айтарлықтай көп емес. Сон­­дықтан ғылыми тұрғыда дұ­рыс түсінік қалыптастыру мақ­­са­­­ты­мен осы деректі фильм көрсетілді.

Ізгілікті іс-шараға «ҚАЭС» ЖШС жетекші инженері Асуан Сиябеков қатысып, еліміздің таза энергия көзіне деген мемлекеттік ұстанымын, сондай-ақ жаһандық жылынуға қатысты халықаралық келісімдер мен шарттар жөнінде түсінік берді. Сөйтіп, жиналған аудиторияға таза энергияның ел өміріндегі рөлі мен бүгіні және болашағы туралы кеңінен тарқатып әңгімеледі.

«Атом электр стансасы – біле білгенге, ел үшін ұзақ мерзімді пайда көзі. Өнеркәсіп пен ел эко­­но­микасы үшін маңызды әрі қа­жетті перспективалық жоба. Қазір елімізде қауіпсіздік деңгейі жоғары жаңа буын­ды АЭС салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.­ Сонымен қатар нысанды салу және пайдалануға қатысты бар­лық үдеріс бүкіл өрке­ниетті әлем­де қолда­нылатын халық­ара­­лық қауым­дастық әзірлеген ере­­же­­лер мен талап­тар­ға сәйкес жү­­з­е­­ге асырылады», деді инженер.

Оның айтқанына құлақ қойсақ, бұл жобаға Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік те (МАГАТЭ) араласатын болады. Қазір ядролық реакторлар әлемнің 31 елінде жұмыс істеп тұр. Олардың қатарында АҚШ пен Франция да бар. Бүгінде Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Түркия, Ұлыбритания және Ресей елдерінде АЭС салынып жатыр.

Іс-шараны ұйым­дастыру­шы­лар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен осы саланың қы­зы­­­ғушыларын және таза энер­­гияға қатысты таным-түсі­ні­гін кеңейтемін деген әрбір аста­­налықты аталған көрмеге ша­қыр­ды. Көрме бір ай бойы жалғасады.