Ағаш отырғызу акциясы «ҚазМұнайГаз»-дың кәсіпорындары орналасқан барлық өңірді – Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда және Астананы қамтыды. Қалалар мен ауылдарда жаңа жасыл-желекті аймақтар құруға, компанияның өндірістік нысандарының аумағын көгалдандыруға ерекше назар аударылды. Жергілікті климатқа төзімді ағаштар, соның ішінде қайың, қарағай және сәмбітал егілді.
2020-2023 жылдар аралығында ҚМГ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары 100 мыңға жуық ағаш екті. Сонымен бірге 2024 жылы сәуір айының басында «ҚазМұнайГаз»-дың ұйымдастыруымен Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 15 мың гектар алқапқа 4,5 млн сексеуіл көшеті отырғызылды.
«ҚазМұнайГаз» көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмысты әлі де жалғастырады.