Заң • Бүгін, 15:13

Есірткіге қатысты қылмыс көбейген - Бас прокуратура

17 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бас прокуратура есірткіге қатысты қылмыс әрекеттері көбейгенін мәлімдеді. Осыған қатысты қылмыс саны 54 пайызға жеткен, деп жазады Egemen.kz.

Есірткіге қатысты қылмыс көбейген - Бас прокуратура

Фото: culture.ru

Жылдам ақша табамын деп жауапкершілікке тартылып жатқандардың ата-анасы жазаны жеңілдетуді сұрайтыны жасырын емес. 

Биыл заңсыз айналымнан көлемі 18 400 келіден асатын есірткі тәркіленген. Оның 467 келісі - синтетикалық есірткі. Бас прокуратураның ақпаратына сәйкес, соңғы 11 айда есірткіні қайта өңдеп, сатып алып немесе сақтаған 894 адам жауапкершілікке тартылса, 33-і кәмелетке толмаған бала.

«Студент ұлым алаңда бірге ойнап өскен досының есірткімен айналысып жүрген куратор екенін, оны қылмысқа жібергенін білмеген. «Есірткі салынған пакетті қолына алып, белгіленген жерге оны қоюды үйрет», деген диологты сотта бірақ естідік. Бұл есірткі саудалаған екі адамның арасындағы әңгіме. Бірақ ұлым өз көлігімен бірнеше рет досын, яғни есірткімен айналысқан кураторды айтқан мекенжайға жеткізіп жүрген. Ұлым оқуына кететін күні осы ауыр жағдай болды», дейді жазасын өтеушінің анасы Гүлмира Мәжнүнова.

Хабар арнасының ақпаратынша, Гүлмира Мәжнүнованың ұлына есірткіні ұйымдасқан топпен бірге сатпақ болды деп, 297-баптың 3-тармағы бойынша үкім шыққан. Заң бойынша есірткімен айналысқан ересектер немесе кәмелет жасына толмағандарға 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар. Сот шешімі шықса мүлкі де тәркіленеді.

«18 мыңнан астам азамат есірткіге тәуелді азамат ретінде тіркеуде тұрады. Жылына 3,5 мыңнан астам азаматқа қылмыстық іс қозғалатын болса, 2,5 мыңнан астам азамат сотталады. Енді бір жылда осындай тенденцияны байқайтын болсақ, 10 жылда 25 мың. Яғни бір ауылдың азаматы сотталып кетейін деп тұр. Елімізде азаматтардың істі болуы жақсы іс емес», деді заңгер, сарапшы Рауан Қалиев.

Мәжілісте осыған қатысты заң былтырдан бері қаралып жатыр. Мәжіліс ұсынылып отырған өзгерістерді мақұлдаса есірткі тасығандар үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.