Бокс • 13 Желтоқсан, 2024

IBA Азия чемпионатындағы өзбекке кеткен «алтынды» Абылайхан Жүсіповке қайтарды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

71 келіде Азия чемпионатының алтын медалі Абылайхан Жүсіповке берілетін болды. Қазақстан бокс федерациясының наразылық хатынан кейін IBA және ASBC ұйымдары ресми хат жолдады, деп жазады Egemen.kz.

IBA Азия чемпионатындағы өзбекке кеткен «алтынды» Абылайхан Жүсіповке қайтарды

Фото: ТСМ Спортты дамыту дирекциясы

Халықаралық бокс ұйымдарының ресми хабарламасында Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев арасында өткен жекпе жекте өзбекстандық боксшы тарапынан спорттық ереже өрескел түрде бұзылғаны айтылған. Сондықтан Өзбекстанға кеткен алтын жүлде қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіповтің еншісіне жазылады. Осылайша, отандасымыз бір күн кешігіп Азия чемпионы атанып отыр.

mm

Ресми хатта шаршы алаңда төрелік еткен сербиялық Джована Угреновичтің де қателікке бой алдырғаны атап өтілген. Ал Қазақстан тарапы бокс ережелерінің өрескел бұзылғанын айқындайтын фото-видео дәйектер бар екенін еске салған.

«Нәтижесінде IBA және ASBC ұйымдары осы салмақтағы ақтық сынды қайта қарастырып, келесі шешімге келді. 71 келіде Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды, ал өзбекстандық боксшы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетіледі», делінген IBA және ASBC ұйымдары жолдаған ресми хатта.

лл