
Фото: 24.kz
Әкімнің мәліметінше, «Жайлы мектептер» ұлттық жобасы аясында биыл 24,9 мың орындық 26 мектептің құрылысы басталған. Жыл басынан бері 9 мың орындық 9 мектеп, оның ішінде Болат Өтемұратов қоры қаржыландырған екі мектеп пен Еңбекшіқазақ ауданында «Алтын адам» серіктестігінің жеке инвестициясымен салынған бір жарым мың орындық мектеп оқушыларға білім беруге кіріскен.
Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар алаңында жыл соңына дейін 6,3 мың орындық тағы бес оқу орнын пайдалануға беру жоспарланып отырғанына назар аударды.
«Соңғы үш жылда білім саласына 965 миллиард теңге бөлінді. 78 мектеп жаңартылды, оның 62-сі күрделі жөндеуден өтті. Былтырдан бері 143 мың оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Қабылданған шаралардың арқасында білім сапасының деңгейі 66,4 пайыздан 67,9 пайызға көтерілді, деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев. Сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелерде сабаққа қатысуды тіркеудің QR-код жүйесін енгізу 800 миллион бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді», деді Марат Сұлтанғазиев.