17 Маусым, 2015

Мемлекет басшысы қазан айында Катарға сапармен барады (фото)

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17.06.2015- Prezident 4АСТАНА. 17 маусым. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Катар елiнiң Сыртқы iстер министрi Халид әл-Атиямен кездестi. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов: «Бiз бұл келiссөздерге Инвестиция және даму министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң және «Бәйтерек» ұлттық холдингiнiң өкiлдерiн шақырдық. Менiңше, өте тұщымды талқылау болады. Онда бастысы – биыл қазан айында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Катар мемлекетiне сапарын тынғылықты дайындау. Онда негiзiнен экономикалық салаға басымдық берiледi», – деді. Сондай-ақ, Халид әл-Атия: «Бiздiң елдер арасында берiк достық қатынастар орнатылған. Инвестициялық әрiптестiктi дамытуға мүдделiлiк бар. Бiздiң қарым-қатынастарға жаңа серпiн беретiн жаңа мүмкiндiктер табамыз деп ойлаймын», – деп атап өтті өз сөзінде. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: «ҚазАқпарат». 17.06.2015- Prezident 2 17.06.2015- Prezident3 17.06.2015- Prezident 1