Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2024

Ақтөбе облысында екі балықшы суға батып кеткен

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 желтоқсан күні 53 жастағы Владимир Курдюков пен 21 жастағы Михаил Дуля балық аулауға шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Екі балықшының мәйіті екі күннен кейін табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында екі балықшы суға батып кеткен

Фото: istockphoto.com

Марқұм балықшының әйелі Наталья күйеуі мен оның серігі сенбі, 14 желтоқсан күні таңғы сағат 4-те балық аулауға кеткенін айтты.

«Олар Шұбарқұдық арқылы Вильге бет алған. Олар кешке үйге қайту керек еді. Байланыса алмадым. Екеуі де ішімдік ішпейді. Төтенше жағдайлар министрлігіне телефон соғып, полицияға, еріктілерге арыз жаздым», деді әйел Diapazon порталына.

Екі күннен кейін балықшылар көлігімен бірге Кенжалы өзеніне батып кеткені белгілі болды.

«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер 1971 және 2003 жылы туған екі ер адамның мәйітін тапты. Олар Темір ауданындағы Кенжалы өзеніне батып кеткен. Сүңгуірлер мәйіттерді көліктен алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша «Нива» көлігі жоғары жылдамдықпен көпірден ұшып кетіп, өзенге құлаған», деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.