Қаржы • Бүгін, 09:45

Зейнетақы жинағының шегі өзгермейді

27 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірыңғай жинақтаушы зейнет­ақы қоры (БЖЗҚ) ке­ле­­сі жылға арналған жи­нақ­­­ты пайдаланудың жет­кілік­­ті шегін жариялады. 2025 жылы зейнетақы жина­ғының ең тө­менгі жет­кілікті шегі (ТЖШ) өзгер­мей, биылғы дең­­гей­де өзге­­ріс­сіз қалатын бол­ды.

Зейнетақы жинағының шегі өзгермейді

Сурет: gov.kz

Азаматтар 2021 жылдан бері зейнет­ақы қорындағы артық ақшаны тұр­мыс жағдайын жақсартуға, емделуге, сенімгерлік басқаруға жұмсай бас­тады. Қазірге дейін БЖЗҚ-дан 3,4 трлн теңге алынған. Ал қордан алуға болатын жеткілікті шектің мөл­шері осымен бірнеше жыл өзгер­мей келеді. Тек адамның жасына байла­нысты 3 млн-нан 10 млн теңгеге дейін­гі шама белгіленген. Мысалы, 20 жастағы азаматтарға жеткілікті шек – 3 млн 260 мың теңге, ал 30 жастағыларға – 4 млн 580 мың теңге, 40 жас­тағыларға 6 млн 100 мың теңге болмақ.

Келер жылға арналған ТЖШ есеп­теу кезінде бірнеше әлеуметтік-эко­номикалық көрсеткіштер пайда­ланылған:

  • Ең төменгі жалақы мөлшері (85 000 теңге);
  • Мемлекеттік базалық зей­нет­ақы төлемінің ең төменгі мөлшері (32 360 теңге);
  • Зейнетақының ең төменгі мөлшері (62 771 теңге);
  • Базалық әлеуметтік төлемдер­дің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы (46 228 теңге).