Қоғам • Бүгін, 09:53

Үшем дүниеге келді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында үшем дүниеге келді. Өңірде үшемдердің тууы туралы дерек соңғы екі жылда тіркелмепті. Ата-анасы сәбилеріне Кәрім, Әмір, Тайыр деген есімдер берді.

Үшем дүниеге келді

Үшемдердің анасы Зарина Мәмбетова бұған дейін бір құрсақ көтеріп, ер балаға жарық дүние сыйлаған. Енді отбасын бірден үш ұл толық­тырып отыр.

«Алғашқы болып туған Кәрімнің салмағы – 2020 грамм, одан соң Әмір (2200 грамм), ең соңында Тайыр (1660 грамм) дүниеге келді. Анасы оларды жүктіліктің отыз төртінші аптасында босанғанын айтып өткен абзал. Қазір анасының жағдайы да қалыпты», деп мәлімдеді облыстық перинаталдық орталық өкілі.

пар

Нәрестелердің анасы мектепте ұстаз болып қызмет атқарса, әкесі мұнай-химия зауытында еңбек етеді.

– Қазір Кәрім екеуі­міз жаңа туған нәрестелердің патологиясы бөлім­­­ше­сін­деміз. Кәрім қажетті ем қабылдап жатыр, жақын арада аға­ла­­ры­ның қатарына қо­сылады. Жұбайым үйде сәбилерін асыға күтіп отыр. Біз нәрестелерді бағып-қағу қиындығынан қорықпаймыз. Бұл өмі­ріміздегі ең ғажайып кезеңнің бірі болғалы тұр. Сондықтан балалардың әкесі жұмысынан бала күтімі бойынша демалыс ресімдеуді жоспарлап отыр. Облыстық пе­ринаталдық орта­лы­ғының ұжымына аман-есен босандырып алғаны, үш ұлымды да дүниеге аман-сау әкелгені үшін шексіз ризашылығымызды біл­­­ді­реміз. Мұнда өз ісінің мамандары еңбек етеді, – дейді үшемнің анасы.

 

ПАВЛОДАР