Қоғам • Бүгін, 10:30

Егістіктер су үнемдейтін технологиялармен суарылды

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 470 мың гектарға жуық егіс алқабы су үнемдейтін технологияларды қолдана отырып суарылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Егістіктер су үнемдейтін технологиялармен суарылды

Фото: Ведомство. Телеграм

Министрлік мәліметінше, бұдан бөлек, 58 мың гектарға жуық жер лазерлік жоспарлаушы арқылы тегістелді. Аталған іс-шаралар суармалы су шығынын азайтуға мүмкіндік берді.

Еске салайық, Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген «2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеудің жол картасы» жоспарында 39 іс-шара қарастырылған.

Министрлік су үнемдеуді одан әрі іске асыру және шаруаларды су үнемдеу технологияларына көшуге ынталандыру мақсатында су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін әр өңірге су үнемдеу жүйелері орнатылған егіс алқаптарын ұлғайту бойынша нақты индикаторлар белгілеп, кезеңдік жоспар әзірледі. Осылайша, министрлік 2030 жылдың соңына қарай жылына 2,2 млрд текше метрге дейін су үнемдеуге ниетті», деді  Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев.