Қоғам • Бүгін, 10:22

Сенат Жоғарғы Сот судьяларын қызметінен босатты

19 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынуымен Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz

Сенат Жоғарғы Сот судьяларын қызметінен босатты

Бейсенбі күні Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Мемлекет басшысының Жоғарғы Сот судьясы Нұрлан Сұлтановты қызметінен босату туралы ұсынысын енгізді.

«Мемлекет басшысының Жоғарғы Сот судьясы Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босату туралы ұсынысы Сенаттың қарауына енгізілді, екі судья да зейнеткерлік жасқа толған және тиісінше 28 және 37 жыл судьялық өтілі бар», деді Малахов.

Сенат мүшелері ұсынысты бірауыздан қолдады.