Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2024

Жас креатор ЮНЕСКО алаңында авторлық ертегілерін таныстырды

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандылық 11 жасар Платон Нечаев Сауд Арабиясында өткен ЮНЕСКО халықаралық конференциясында авторлық ертегілерін таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жас креатор ЮНЕСКО алаңында авторлық ертегілерін таныстырды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ол Сауд Арабиясының Жубайл қаласында өткен Оқитын қалалардың 6-шы халықаралық конференциясына (6th International Conference on Learning Cities) қатысты. Бұл алаңда тұрақты даму, климаттың өзгеруі және оқитын қауымдастықтар құру мәселелерін талқылау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен сарапшылар жиналды.

Платон Нечаев экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы креативті ойлауды дамытуға ықпал ететін, жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыратын «PLATON 5D ойлау» білім беру бағдарламасын таныстыру үшін арнайы шақырылды.

Сонымен қатар қарағандылық оқушы конференцияға арнайы «Уақыттың сиқырлы компасы» деп аталатын жаңа ертегісін ұсынды. Платон Жубайл мен Қарағанды балалары арасында тәжірибе алмасу мақсатында екі қалада достық ағаштарын отырғызуды ұсынды.

пн

Айта кетейік, Платон – Қазақстанның ең жас креаторларының бірі. Оның әңгімелері әртүрлі оқиғалар мен кейіпкерлерге, сүйікті қаласы Қарағандының тарихына арналған.

Жас қаламгер иллюстрацияларын жасанды интеллект көмегімен өзі жасайды екен.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25