
Фото: arasha.kz
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес заң жобасына «күшті зат» (табиғи, синтетикалық және биосинтетикалық шығу тегі) жаңа ұғымы енгізілді.
Енді есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен есірткі өндірушілерге жаза қатайтылады. Соған сай осы қылмыспен айналысқандарға 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ал білмей алғаш рет есірткі тасымалдағандардың жазасы жеңілдетілмек. Сенат депутаттары бұл топқа жататын адамдардың көбіне «наркобарондарға» ешқандай қатысы болмайтынын алға тартып отыр.
Қылмыстық топпен немесе қызметтік өкілеттігін пайдаланып жасалған есірткі, психотроптық немесе сол тектес заттарды өткізу мақсатында заңсыз өндіруге бұрынғыдан қатаң жаза тағайындалды. Бұл үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.
