Қылмыс • Бүгін, 09:20

Атырауда зейнеткерді ұрып өлтірген азаматқа сот үкім шығарды

22 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда көлігін абайсызда сырып кеткен зейнеткерді ұрып өлтірген азаматқа сот үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда зейнеткерді ұрып өлтірген азаматқа сот үкім шығарды

Айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. «Дина» базарында болған оқиғаға қатысты қылмыстық істі полиция «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, адам өліміне алып келу» дерегі бойынша қозғаған.

Айта кетейік, «Газель» мінген зейнеткер «Мерседес» маркалы автомобильдің есігін сырып кетіп, содан жанжал басталған. Жеңіл көлік иесі жүк көлігінің жүргізушісін бірнеше рет соққыға жыққан. Салдарынан марқұм ауруханада есін жимастан көз жұмған. Қайғылы оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.