
2023 жылы зауыт құю цехын ауқымды қайта құруды жүзеге асырды. Соның нәтижесінде өндіріс автоматтандырудың жаңа деңгейіне көтерілді. Жобаны қаржыландыруды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мақұлдап, қуаты жылына 1 000 тоннаға дейін жететін заманауи қондырғыларды сатып алуға және 20 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Жаңа жабдық алюминий қалыптарында газдандырылған үлгілерді құю өндірісінің автоматтандырылған өндірісіне арналған. Бұл зауытқа күпшек, оттық, топса, жартылай жалғастырғыш, мойынтіректердің корпусын және қақпақ, кронштейн, трактордың қарсы салмақтарды қоса алғанда, өнімнің кең ауқымын шығаруға мүмкіндік береді.
Жаңа жабдықтың өнімділігі жоғары: бір машина сағатына 20 циклді орындауға қабілетті. Бір циклде көлеміне қарай бірнеше ондаған құйма шығарылады. Құйманың ең аз салмағы – 800 грамм, ал максималды салмағы – 250 келі.
Бүгінде зауыт құю өнімдерінің шамамен 25-30 пайызын өз қажеттіліктеріне пайдаланса, қалғанын үшінші тарап компанияларына өткізеді. 2023 жылдың соңына қарай шамамен 500 тонна құю өнімдерін өндіру күтіліп отыр – бұл 2022 жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Құю цехын қайта құру және жаңа техниканы енгізу арқылы кәсіпорын нарықтағы орнын нығайтып, отандық машина жасау мен ауыл шаруашылығының дамуына зор үлес қосып келеді. Зауытта ауыл шаруашылығы техникасының жаңа түрлері жасалып, өндіріс үдерістері жетілдірілетін конструкторлық бюро, зертхана және технология бөлімі бар.
Құю цехын жаңғырту – бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен елімізде және одан тыс жерлерде сапалы құю өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін жасалған қадам. Мұндай жаңарту кәсіпорынның технологиялық серпілісіне ықпал етіп қана қоймай, аймақтағы мамандарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жергілікті экономиканы нығайтады.