Сурет: rtiger.com/
Іс-шара барысында жасөспірімдерге қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыруға бағытталған кездесулер, отырыстар өтті. Профилактикалық шаралар аясында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарға ықпал ететін факторларды анықтап, оларды жоюға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар рейдтер кезінде тұрмысы төмен отбасылардағы балалардың тұрмыс жағдайы тексеріліп, ата-аналармен әңгімелесулер ұйымдастырылды. «Балаларды тәрбиелеу, асырау және оқыту жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайда алдағы уақытта тиісті шаралар қабылданады», дейді тәртіп сақшылары.
Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат еткен және ата-аналар тарапынан балалардың тәрбиесін жақсарту, білім беру жауапкершілігін арттыратын жұмыстар жастар қолымен жасалатын қылмыстық істердің алдын алатынына сенім зор.
Семей