
фото:kn.ks.ua
Синоптиктердің болжамынша, бүгін циклон ойпаты және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен елдің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде қар жауып, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, батыста көктайғақ болады.
Түнде орталық пен шығыста 20-35 градус аяз болады, ал қалған аумақта температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.