Фото: smartnews.kz
Ішкі туризмді дамытуға бағытталған бұл бағдарлама отбасылық саяхаттың дамуына да серпін беріп отыр.
Kids Go Free аясында отбасылар Алакөл жағалауындағы демалысты көбірек таңдаған. Өткен жылмен салыстырғанда биыл Алакөлге сатылған турлар саны 20%-ға өскен. Яғни, биыл 700-ден астам бала Алакөлге тегін саяхаттаған.
Кейінгі сатыға Алматы мен Алматы облысының маңындағы аймақтар орналасқан. Биыл 330-дан астам отбасы Алматы мен Алматы облысына саяхаттаған.
Щучье-Бурабай курорттық аймағы мен Астана қаласы да Kids Go Free бағдарламасының ең танымал бағыттарының бірі саналады. Мұнда жазғы, қысқы демалысқа да сұраныс жоғары болған.