Аймақтар • Кеше

Ұшақ апатынан аман қалғандар дәрігерлер қарауында

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 желтоқсан күні шамамен сағат 11:00-де Ақтау қаласының аумағына Бакудан Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақтың құлағанына байланысты аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай оқиға орнына барып, облыс әкімінің төрағалығымен жедел штаб құрылды. Апат орнында ТЖД, ДВД, жергілікті әкімдік құтқару жұмыстарына қажетті жағдайдың барлығын жасап жатыр.

Ұшақ апатынан аман қалғандар дәрігерлер қарауында

ҚР ТЖМ-нің 52 қызметкері мен 11 техникасы жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына келген құтқарушылар әуе кемесінің өртеніп жатқанын анықтап, өртті сөндіру жұмыстарын бастады.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, 29 адам аман қалған. Оның 26-сы облыстық ауруханаға жеткізілді, 2 бала балалар ауруханасына жатқызылды.

Айта кетейік, апатқа ұшыраған бортта 62 адам және 5 экипаж болған.


Маңғыстау облысы