фото: flyqazaq.com
Qazaq Air 2024 жылдың 28 желтоқсаны мен 2025 жылдың 27 қаңтары аралығында Астана-Екатеринбург бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтататынын хабарлады.
«Рейстерді уақытша тоқтату Ресейге ұшу тәуекелдерін үнемі бағалау нәтижелері бойынша жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылды. Авиакомпания қазіргі уақытта Qazaq AIR тәуекелдерін бағалау критерийлеріне сәйкес келетін Омбы мен Новосібірге рейстерді орындауды жалғастырады. Екатеринбургке әуе рейстерін қалпына келтіру тәуекелдерді қайта бағалау қорытындылары бойынша жүзеге асырылатын болады», деді компания өкілдері.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына әуе билеттерінің толық құны қайтарылатыны және тасымалдаушының баламалы рейстеріне тегін қайта брондау ұсынылатыны түсіндірілді.
Айта кетейік, бұған дейін отандық «Air Astana» әуе компаниясы Ресейге рейстерін тоқтатқан еді.