Синоптиктердің болжамынша, ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар жауып, бұрқасын болады.
Батыс аумақтарда жауын-шашын қар және жаңбыр түрінде жауады. Антициклон сілемінің ықпалында елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығыс өңірлері болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Астанада күн ала бұлтты, кейде қар, боран болады. Жел оңтүстік-батыс, батыс 9-14, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метр. Түнде ауа температурасы 8-10 градус, күндіз 4-6 градус аяз.
Алматыда да бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс жел секундына 2-7 метр. Түнде ауа температурасы 5-7 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыс жел секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы 5-7 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы..