Бокс • 31 Желтоқсан, 2024

Жігері күшті жас буын

14 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында бокстан ересектер арасында ел чемпионаты мәресіне жетті. Ел біріншілігінде тәжірибелі саңлақтарға жас буын лайықты қарсылас болды.

Жігері күшті жас буын

Сурет: prosports.kz

Әйелдер сынында Париж Олим­пиадасының қо­­ла жүл­дегері На­зым Қызайбай 48 кг салмақта үздік шықты. Финалдық тартыста қызылордалық Ақбота Болат жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. 50 кг салмақта алматылық Алуа Бал­қыбекова топ жарса, 52 кг-да қарағандылық Анита Адишева жеңіске жетті. Финалдық жекпе-жектің 1-раундында қабағы жа­рылғанына қарамастан, шым­кенттік қарсыласы Жансая Ра­хымбердіден басым түсті. 54 кг салмақта әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Жайна Шекербекова (Шымкент қаласы) әлі де шау тартпағанын дәлелдеді. Басқа салмақ дәрежелерінде чемпион атанғандар: 57 кг – Карина Ибрагимова (Ақмола облысы), 60 кг – Римма Волосенко (Астана), 63 кг – Лаура Есенкелді (Шымкент), 66 кг – Жасмин Қизатова (Қарағанды облысы), 70 кг – Мәдина Нұршаева (Шымкент), 75 кг – Валентина Хальзова (Астана), 81 кг – Надежда Рябец (Қостанай), 81кг-нан жоғары – Ләззат Күнгейбаева (Астана).

Ерлер арасындағы бәсеке де тартысты өтті. 48 кг салмақта әлем чемпионы Темір­тас Жүсіпов (Ақмола облысы) жеңіске жетті. 51 кг-да Даниал Сәбит (БҚО), 54 кг – Ти­мур Қабдешов (Ақмола облысы), 57 кг – Дәу­лет Молдашев (Абай облысы), 60 кг – Талғат Сырымбетов (Қарағанды облысы), 63,5 кг – Ертуған Зейнуллинов (Алматы облысы) топ жарды. Жастар арасында әлем чемпионы атанған Төрехан Сабырхан (Түр­кістан облысы) ересектер додасына алғаш қосылғанына қа­рамастан мықтылығын көрсетіп, 67 кг салмақта ел чемпионы атанды. 71 кг – Сабыржан Аққалықов (БҚО), 75 кг – Тимур Нұрсейітов (Астана), 80 кг – Азамат Бектас (Қызылорда облысы), 86 кг – Темірлан Мұқатаев (Астана), 92 кг – Данияр Рахымбердинов (Алматы) жеңіске жетті. Аса ауыр салмақ дәрежесінде Түркістан облысының қос боксшысы, ағайын­ды Нұрлан мен Даниал Са­парбай финалға шығып, інісі жекпе-жектен бас тартып, Нұрлан жеңімпаз атанды.

Жыл жабар додаға ерлер құрамасының бас бапкері Қай­рат Сәтжанов пен әйелдер құ­рамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Азия чемпионатында олжа салған саңлақтарды қос­қан жоқ. Тимур Қабдешов, Дәу­лет Молдашев, Төрехан Са­бырхан, Сабыржан Аққалықов, Тимур Нұрсейітов, Темірлан Мұқатаев, Азамат Бектас, Данияр Рахымбердинов, Анита Адишева, Лаура Есенкелді, Жасмин Қи­затова алғаш рет ел чемпионатында топ жарды.