Білім • 31 Желтоқсан, 2024

Даму үдерісіндегі жоғары мектеп

197 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Елімізде оқытудың ең озық әдісін енгізуден бастап, заманауи инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ студенттерді жан-жақты қолдау мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жаңғырту әрі реформалау бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатыр. Ғылымды дамытуға бөлінетін қаражат көлемі артып келеді. Отандық ғалымдардың әзірлемелерін қолдау мен коммерцияландыру жөніндегі бағдарламалар қабылданды.

Даму үдерісіндегі жоғары мектеп

Мемлекеттік тапсырыс аясында

Қазір елімізде 120 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 11-і  –ұлттық ЖОО, мемлекеттік ЖОО – 29, азаматтық емес ЖОО – 14, ДББҰ (дербес білім беру ұйымы) – 1, халықаралық – 1, акционерленген – 16 және жекеменшік – 48. Оларда 642,5 мыңнан астам адам оқиды. Мемлекеттік тапсырыспен 255,6 мыңнан астам студент білім алып жатыр.

Түлектер саны – 182,6 мың адам. Бакалавриатта – 157 мың, магистратурада – 21 мың, докто­рантурада – 1,8 мыңнан астам және резидентурада 2,1 мыңнан астам адам оқиды. Жалпы профессор-оқытушылар құрамы 37,4 мың адамды құрайды. Оның 46,5%-ның ғылыми дәрежесі бар. Кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл санап артып келеді. 2024-2025 оқу жылына 94,2 мыңнан астам грант бөлінді. 

Жаңадан құрылған және халық тығыз қоныстанған облыстардың, батыс өңірлердің жастарына жыл сайын 5 мың нысаналы білім гранты бөлінеді. Биыл қабылдау рәсімін өзгерту нәтижесінде 1,6 мыңнан астам этностық қазақ­тар білім гранттарын алды. Денсау­лық сақтау жүйесін кадр­лар­мен қамтамасыз ету үшін ре­зи­­ден­турадағы мемлекеттік тап­сы­рыс көлемі 1,5 мыңнан 2,5 мың грант­қа дейін, яғни 70%-ға ұл­ғай­тыл­ды. Су саласына мамандар даяр­лау мақсатында «Қазақ ұлт­тық су шаруашылығы және ирри­га­ция университеті» КеАҚ құрылды.

2024-2025 оқу жылында ішін­ара оқу ақысы бар сараланған грант­тар бөлу бойынша қанатқақты жоба іске асырылды. Алғаш рет пед­аго­гикалық мамандықтар мен әлеу­меттік ғылымдар бойынша 300 сараланған грант қарас­ты­рылған. Мемлекет оқу ақысы­ның 50%-ын жабады, ал студент толыққан­ды стипендия алады. «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйе­сін енгізу туралы» заң жобасы Парламент Сенатының екінші оқылымында мақұлданды.

 

Халықаралық ынтымақтастық

23 стратегиялық әріптестік пысық­талды, оның 16-сы шетел­дік ЖОО-ның филиалы, 10 стра­тегиялық әріптестік бойынша жұ­мыс жүргізілуде. QS WUR әлем­нің үздік университеттерінің халық­аралық рейтингіне 21 ЖОО кірді. «Times Higher Education» рейтингіне қазақстандық 29 жоғары оқу орны қатысты, оның ішінде 4 жоғары оқу орны тізім­нен орын алды. ЖОО-да 245-ке жуық бірлескен білім беру және қос дипломдық бағдар­лама­ларды іске асырылды. Цифр­лық универ­ситеттердің моделі жасалды. 2023 жылдан бас­тап бұл модель 2 ЖОО: Қ.Сәт­баев атындағы ҚазҰТЗУ және Д.Серік­баев атындағы ШҚТУ базасында қанатқақты режімде іске қосылды.

Ынтымақтастықты дамыту және оқытудың инновация­лық тех­нологияларын қолдану мақ­­сатында «Coursera», «Huawei Techno­logies Kazakhstan», «Binance Kazakhstan» сияқты ірі ком­па­­ния­лармен келіссөздер жүргі­зі­­л­іп, меморандумдарға қол қойыл­ды. «Huawei» сертификатталған курстарын ұсыну үшін 40 ЖОО базасында «Huawei ICT Academy» құрылды. «Binance Kazakhstan» қолдауымен 22 ЖОО-ның АКТ факультеттерінің 350-ге жуық оқытушысы блокчейн-технологиялар бойынша оқытылды. Coursera жобасы бүкіл еліміз бо­йынша 93 университетті қамты­ды, бұл сұранысқа ие дағды­лар бо­йынша онлайн курстарға қол жеткізуге мүмкіндік берді. 152 курс қазақ және орыс тілдері­не аударылып, 4 мың курсқа қазақ тілінде машиналық аударма жасалды. 70 мыңнан астам оқушы түрлі пәндер бойынша 140 мыңнан астам сертификат иеленді. «Coursera» каталогінде әлемнің жетекші университеттері мен профессорларының 10 мың курсы бар. Бүгінгі таңда «Coursera»-ның 102-ге жуық курсы қазақ және орыс тілдеріне аударылды. 2024 жылға 93 жоғары оқу орнынан қазақстандық студенттерге 40 мың лицензия бөлінді. Студенттер әлемнің жетекші университеттері мен профессорларынан 20 мыңнан астам онлайн және 4,2 мың AI курстарына қол жеткізді. Бағдарлама студенттер арасында кәсіпкерлік пен инновацияны дамытуға ықпал етті. Университеттер «Coursera» курс­тарын өздерінің оқу жоспарларына біріктіре бастады және өз онлайн курстарын дамытылды.

IT бағыттар бойынша студент­терді «OpenSearch» жобасына тарту және салалық деңгейдегі тәжірибе жинақтау мақсатында ҒЖБМ мен «Amazon» компания­сы ара­сында Өзара түсіністік тура­­лы мемо­рандумға қол қойылды. Жасан­ды интеллект (ЖИ) сала­сын­да ЖОО аралық ЖИ стан­­дарты қабылданды, 17 ЖОО «Қол­дан­балы жасанды интеллект», «Жасан­ды интеллект және блок­чейн инженериясы», «Кибер­нетика және ЖИ», «Медицина­дағы ЖИ», «Жасанды интеллект және деректерді талдау», «Көлік инже­не­риясындағы ақылды техноло­гия­лар және жасанды интел­лект», «Информатика және жасанды ин­тел­лект» пен басқа да 21 білім беру бағдар­ламасы әзірленді.

Түлектер жаңа білім беру ісінде Python бағдарламалау, кітапхана­лармен және құрылымдармен жұмыс, деректерді талдау және визуалды бейнелеу, табиғи тілді өңдеу, үлкен деректер және мәліметтер базасымен жұ­мыс, ЖИ шешімдерін бизнес-үдеріс­терге біріктіру, нейрондық желі­лерді әзірлеп, енгізу, ЖИ және бас­қа­ларды пайдалана отырып үдерістерді автоматтандыру сияқты дағдыларға ие болады.

ҒЖБМ Мемлекет басшысына барлық деңгейдегі студенттер арасында ЖИ саласындағы дағдыларды жан-жақты дамытуға бағытталған ЖИ бойынша AI-Sana қанатқақты бағдарламасын таныстырды. Ол ұлттық экономи­кадағы ЖИ әлеуетін ашуға және технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аудара отырып, 100 мың қатысушыны қамти­ды. Қазақстанның технология­лық және экономикалық өсуі­нің драйвері бола алатын DeepTech-стартаптарды құруға ерекше назар аударылды. Бұл бас­тама еліміздің ғылыми-техноло­гиялық дамуына жаңа серпін бере отырып, білікті кадрларды даярлау және ЖИ технологияларын дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Бағдарлама халықаралық са­рап­­шылардың қатысуымен әзір­ленді. Оны іске асыруда Қазақ­­­стан шешуші рөл атқарады. Министр­­лік 01 EduSystem компа­ния­­сымен инновациялық бағдар­ла­малау мектептерін ашу бойын­ша өзара ынтымақтастық бойын­­ша жұмыс жүргізуде. Бұл жоба өңір­­лік 20 ЖОО-да іске асырыла­ды. Қанатқақты жобаға Yessenov Univer­sity қатысатын болады. Жо­ғары оқу орындарында цифрлық экожүйе күшейтілді. Оқу орындары LMS платформаларына қосылған.

 

Білікті ректор және ғылым өрісі

Елімізде конкурс өткізу ар­қы­лы ректорларды тағайындау­дың жаңа жүйесі енгізілді. Ректор­лық кор­пустың 50%-дан астамы жаңар­тылды. Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының түлек­тері, «Болашақ» бағдарлама­сы­ның стипендиаттары арасынан жас басқарушылар келді. Ака­де­миялық басымдық орта­лық­тарын құру бойынша шаралар қабылданды. Биыл 6 ЖОО келісім­шарт жасасты. Алдағы уақытта 7 ЖОО базасында Академиялық басымдық орталықтарын құру үшін 2025-2027 жылдар­ға арнал­ған ғылыми зерттеулер­ді бағдарламалық-нысаналы қар­жы­ландыруға ар­налған кон­курс­тарға қатысады деп жос­парланып отыр.

ҚазҰТЗУ базасында инженер­лік білім мен ғылымдағы жаңа тех­но­логиялардың ғылыми зерт­теу хабын құра отырып, 2022-2026 жылдарға арналған даму бағ­дарламасы әзірленді. Бес жоғары оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі берілді.

ва

Қолданбалы ғылымды мемле­кеттік қаржыландыру 2024-2026 жылдарға 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Ғылыми зерттеулермен айналысатын ұйымдардың саны 425-ке дейін өсті, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11 бірлікке көп. Ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жетті.

Жастарды ғылымға тарту мақ­сатында ҒЖБМ мен «Отба­сы банкі» АҚ арасында жас ғалым­дарға 2023-2027 жылдарға арнал­ған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша ынты­мақтастық туралы келісімге қол қойылды. 2023 жылы 809 ғалымға әлемнің жетекші орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге грант­тар берілді. Қазір Республи­ка­лық комиссияның 2 отыры­сы­ның қорытындысы бойын­ша 80 үміткердің ғылыми тағы­лымдамадан өтуі мақұлданды.

Ғылымды дамытуға және технологиялық саясатты іске асыруға бағытталған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданды. Мемлекеттік сатып алудың жалпы бюрократиялық рәсімін­сіз ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті бірқатар норманы көздейтін «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға қол қойыл­ды. Бұдан басқа «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда көзделген нормалар шеңберінде ғылыми атақтардың болуы үшін ғылыми қызметкерлерге қосымша ақы мөлшері ұлғайтылды.

2024-2026 жылдарға көзделген ғылым бюджеті – 703,6 млрд теңгені құрады. Биыл ғылымды дамытуға 177,3 млрд теңге бөлінді. Ғылым және жоғары білім министрлігі отандық ғылым мен ірі өнеркәсіптің басымдықтары арасындағы әріптестікті қолдайды.