2014 жылғы 18 желтоқсан, Астана қаласы
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 9-2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді және ресми жариялауға жатады.
Министр Т.ДҮЙСЕНОВА.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 330 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы
жарналарын субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 7-бабының 9-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын республикалық бюджеттен субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi – жұмыс берушiнiң қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыстар түрiнде төлейтiн шығыстары. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтiк аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) бюджеттік субсидиялардың мөлшерін белгілеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері;
4) мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi – агент) – Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын есептейтін, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға;
5) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – Қор) – әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер жүргiзетiн заңды тұлға;
6) міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес қосымша белгіленген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларды мемлекеттік қолдаудың нысаны;
7) орталықтандырылған дерекқор (бұдан әрі – ОДҚ) – төлемдердің түрлерін тағайындауға және жүзеге асыруға арналған Орталықтың орталықтандырылған дерекқоры.
8) Орталықтың бөлімшелері – Орталықтың қалалық, аудандық бөлімшелері;
9) Орталықтың филиалдары – Орталықтың облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;
10) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;
11) электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
3. Бюджеттік субсидиялардың мөлшерін электрондық белгілеу кезіндегі уәкілетті орган мен Орталықтың өзара іс-қимылы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидияларының мөлшерін белгілеу тәртібі
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушылардың пайдасына ай сайын бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
5. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар, Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушыға, егер мүгедектік мерзiмсiз белгiленген болса, бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға оның келісімі болған кезде жүзеге асырылады.
6. Міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табысы мөлшерінен есептелген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы арасындағы айырма ретінде мынадай формула бойынша айқындалады:
СУБ = ОАТ * 10 % / 100 % – БКәт * 10 % / 100 %, мұндағы:
СУБ – міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері;
ОАТ – бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табысының орташа айлық мөлшері. ОАТ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 23-2-бабына сәйкес айқындалады. Әлеуметтік аударымдарды есептеу Заңның 15-бабына сәйкес жүргізіледі.
БКәт – Заңның 23-2-бабына сәйкес айқындалатын Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшері.
7. Республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнің мөлшерін қайта есептеген жағдайда ай сайынғы бюджеттік субсидияның мөлшері қайта есептеуге жатады және осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес айқындалады.
8. Егер бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыстың он пайызынан асатын болса, міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау жүргізілмейді.
3. Міндетті зейнетақы жарналарын бюджеттік субсидиялауды жүзеге асыру тәртібі
9. Міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген баланың туған күнінен бастап, ал баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаға қамқоршылық тағайындалған жағдайларда – баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күнінен бастап бала бір жасқа толған күнді қоса алған күнге дейін не қамқоршы (асырап алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада көзделген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жүргізіледі.
10. Міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясын белгілеу кезеңін келесі туылған, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жағдайда, бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау алдыңғы бала бір жасқа толған күннен кейінгі күннен бастап, ал осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес тоқтатылған жағдайда бала қайтыс болған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап немесе алдыңғы баланың күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыға міндетті зейнетақы жарналарын аудару тоқтатылған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүргізіледі және белгіленеді.
11. Орталықтың бөлімшесі Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшерін есептейді, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макетін қалыптастырады және оларды Орталықтың филиалына жібереді.
12. Орталықтың филиалы міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макетін олар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды, есептің және міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макеті ресімделуінің дұрыстығын тексереді, содан кейін оларды уәкілетті органға жібереді.
13. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы директоры мен маманы Орталық бөлімшесінің маманы мен бастығының, Орталық филиалының маманы мен директорының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжатты білдіреді.
14. Уәкілетті орган міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макетін олар түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
15. Орталықтың қызметкері жіберген қателер анықталған жағдайда, уәкілетті орган міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макетін қателерді жою үшін Орталықтың бөлімшесіне қайта ресімдеуге қайтару себебін көрсете отырып қайтарады.
Орталықтың бөлімшесі міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы электрондық шешім жобасы бар істің электрондық макеті түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған қателерді жояды, міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы электрондық шешім жобасы бар істің электрондық макетін қайта қалыптастырады және Орталықтың филиалы арқылы уәкілетті органға жібереді.
16. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешім басқарма (бөлім) маманының, басшысының және уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжатты білдіреді. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің нөмірі мен күні автоматты режимде беріледі.
17. Орталықтың бөлімшесі міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту, аударуды тоқтата тұру) туралы өтініш берушіні Осы Қағидаларға 2 – 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өзі жүгінген кезде табыстау жолымен, сондай-ақ Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы хабардар етеді.
Хабарламалар мен sms-хабарлар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламалар мен sms-хабарлар журналында тіркеледі.
18. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару мұндай тоқтатуға негіз болып табылатын мән-жай туындаған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап мынадай жағдайларда:
1) Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушылардың табыстарынан агенттің 10 пайыз мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару фактісі анықталғанда;
2) Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушылардың Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісі, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер анықталғанда;
3) қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушылар туралы мәліметтер, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер келіп түскенде;
4) Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушы болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өткенде;
5) босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар) туралы мәліметтер келіп түскенде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның шешімінің негізінде тоқтатыла тұрады.
Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтата тұруға негіз болып табылатын мәліметтермен толықтырылған істің электрондық макетін дайындау және субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтата тұру туралы электрондық шешімнің жобасын бекіту осы Қағидалардың 11-15-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
19. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қалпына келтіру бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушы:
1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу фактісін растайтын анықтаманы;
2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тіркелу фактісін растайтын құжатты;
3) баланы (балаларды) асырап алу және/немесе балаға қамқоршылық тағайындау туралы құжатты;
4) Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушы болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның шешімінің негізінде бала бір жасқа толған күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.
Міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды қалпына келтіру мұндай тоқтата тұруға негіз болып табылған мән-жай тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап, ал баланы (балаларды) асырап алған және/немесе балаға қамқоршы тағайындалған жағдайда баланы (балаларды) асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қамқоршы тағайындалған күннен бастап жүргізіледі.
Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қалпына келтіруге негіз болып табылатын мәліметтермен толықтырылған істің электрондық макетін дайындау және субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қалпына келтіру туралы электрондық шешімнің жобасын бекіту осы Қағидалардың 11 – 15-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
20. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару:
1) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем Заңның 23-2-бабына сәйкес тоқтатылған жағдайда;
2) егер бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыстың он пайызынан асатын болса тоқтатылады.
Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның шешімінің негізінде тоқтатылады.
Бұл ретте субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару мұндай тоқтатуға негіз болып табылатын мән-жай туындаған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтатуға негіз болып табылатын мәліметтермен толықтырылған істің электрондық макетін дайындау және субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтату туралы электрондық шешімінің жобасын бекіту осы Қағидалардың 11 – 15-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
4. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі
21. Уәкілетті орган қабылдаған міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу туралы шешімдердің негізінде субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін істердің электрондық макеттерін ОДҚ-ға қоюды Орталықтың бөлімшесі жүзеге асырады.
22. Орталық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға бюджет қаражатының қажеттілігін ай сайын және төлеу айының алдындағы айдың 25-күніне қарай қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) ұсынады.
Төлейтін айға қажеттілік қалыптастырылғаннан кейін пайда болған сомалар одан кейінгі айларға қосылуға тиіс.
23. Министрлік тиісті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау үшін қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жібереді.
24. Министрлік міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында есептік кезеңге көзделген сомалар шегінде Орталыққа бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.
25. Орталық міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға арналған бюджет қаражатын алысымен төлем тапсырмаларын қалыптастырады және субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын кейіннен Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының дербес зейнетақы шотына есептеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
Бұл ретте, субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару тиісті кезең (ай(айлар) және жыл) көрсетіле отырып жүзеге асырылады.
26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінде бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні өзгерген жағдайда автоматты режимде ОДҚ-да өзгерістер жүргізіледі.
27. Қаражат артық аударылған немесе субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін белгілеу және оларды аудару кезінде жіберілген қателіктер табылған жағдайда, Орталықтың филиалы қате аударылған субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға арналған өтінімді 10-қосымшаға сәйкес электрондық түрде Орталыққа жібереді.
28. Орталық қате аударылған субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға арналған электрондық түрдегі өтінімді бес жұмыс күні ішінде ресімдейді. Өтінімде: салымшының (бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының) деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, қайтаруға жататын міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидияларының мөлшері және қайтару себебі көрсетіледі.
29. Қате аударылған субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға арналған өтінім ақпаратты тасымалдаудың автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электрондық түрде зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада көзделген тәртіппен жіберіледі.
30. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры электрондық түрде Орталықтан қате аударылған субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға өтінімді алысымен, оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Орталық өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын Орталыққа қайтаруды жүзеге асырады.
31. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қате аударылған субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруды Орталықтың қате аударылған субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға арналған электрондық түрдегі өтінімде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидияларын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына іс жүзінде енгізілген номиналды сомасы бойынша Орталықтың банктік шотына жеке тұлғалардың тізімдерін қоса беріп, төлем тапсырмасымен жүргізеді.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімінебайланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша
нысан
Коды ________________________
Облыс (қала) ________________
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
__________________________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің
20__ ж. «___» _________ № ___________ шешімі
Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының
мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы
1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері 20__ ж. «___» _______________
бастап 20__ ж. «___» __________ қоса алғанда ________________________
________________________________________ теңге сомасында белгіленсін.
(сомасы цифрлармен және жазбаша)
Тегі ______________________________________________
Аты ______________________________________________
Әкесінің аты (болған кезде) ___________________________
ЖСН ___________________________________________
Туған күні ________________________________________
(күні, айы, жылы)
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындауға өтініш берген күн 20__ ж. «___» _______________
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем тағайындалған
күн 20__ ж. «___» ___________
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыстың мөлшері ________ ж. бастап _________ ж. қоса алғанда _____________ (_____________________________________________) теңге
(сомасы жазбаша)
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнің
тағайындалған мөлшері ________ ж. бастап _________ ж. қоса алғанда _____________ (_______________________________________________) теңге
(сомасы жазбаша)
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері _______ ж. бастап ________ ж. қоса алғанда _____________ (_____________________________________________) теңге
(сомасы жазбаша)
2. _____________________________________________________________
(негіздеме: себебі көрсетілсін)
________________________________________________________________
себебі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеуден бас тартылсын.
Департамент басшысы _______________________________________ (Т.А.Ә.)
Басқарма (бөлім) басшысы ____________________________________ (Т.А.Ә.)
Маман ______________________________________________________ (Т.А.Ә.)
Шешімнің жобасын дайындаған:
Орталық филиалының директоры ________________________________ (Т.А.Ә.)
Орталық филиалының маманы __________________________________ (Т.А.Ә.)
Орталық бөлімшесінің бастығы ________________________________ (Т.А.Ә.)
Орталық бөлімшесінің маманы _________________________________ (Т.А.Ә.)
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді
алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
нысан
Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидияcының мөлшерін белгілеу туралы
№ ______ хабарлама
20__ ж. «___» ____________
Азамат (ша)_____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Туған күні «___» _____________ _____ ж.
Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу туралы 20__ ж. «___» _____________ № _______ шешім
Міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері 20__ ж. бастап ______________________________
(____________________________________________________) теңгені құрайды.
(сомасы сандармен және жазбаша)
Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған
____________________________________________________________________
(жауапты адамның лауазымы және Т.А.Ә.)
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді
алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
нысан
Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеуден
бас тарту туралы № ______ хабарлама
20__ ж. «___» ____________
Азамат (ша)________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Туған күні «___» _____________ _____ ж.
Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеуден бас тартылды:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(негіздеме: себебі көрсетілсін)
Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған
____________________________________________________________________
(жауапты адамның лауазымы және Т.А.Ә.)
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларына 4-қосымша
нысан
Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін аударуды тоқтата тұру туралы
№ ______ хабарлама
20__ ж. «___» ____________
Азамат (ша)________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Туған күні «___» _____________ _____ ж.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы Сіздің жеке зейнетақы шотыңызға міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясын аудару __________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(негіздеме: себебі көрсетілсін)
себебі бойынша тоқтатылды.
Осыған байланысты Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
________________________________________________________________
(құжаттар көрсетілсін)
Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған
____________________________________________________________________
(жауапты адамның лауазымы және Т.А.Ә.)
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларына 5-қосымша
нысан
Хабарламалар мен sms-хабарлар журналы
_____________________________________________
(төлемнің түрі)
Орталықтың ____________ бөлімшесі бойынша
Р/с № ЖСН Т.А.Ә. Туған күні Істің № Төлемнің түрі Хабарламаны табыстау күні sms-хабарды беру күні Телефон нөмірі Маман
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларына 6-қосымша
нысан
Коды___________________
Облыс (қала) ________________
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
__________________________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің
20__ ж. «___» _________ № ___________ шешімі
Субсидиялауға жататын __________________________________________ теңге
(сомасы сандармен және жазбаша)
сомасындағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару 20__ж. «___» ________ бастап тоқтатылсын
Тегі ___________________________________________
Аты ___________________________________________
Әкесінің аты (болған кезде)________________________
ЖСН __________________________________________
Туған күні ______________________________________
Негіздеме _______________________________________________________
________________________________________________________________
(себебі көрсетілсін)
Департамент басшысы _______________________________________(ТАӘ)
Басқарма (бөлім) басшысы ___________________________________(ТАӘ)
Маман ______________________________________________________(ТАӘ)
Шешімнің жобасын дайындаған:
Орталық филиалының директоры __________________________________(ТАӘ)
Орталық филиалының маманы ____________________________________ (ТАӘ)
Орталық бөлімшесінің бастығы ___________________________________ (ТАӘ)
Орталық бөлімшесінің маманы ____________________________________(ТАӘ)
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларына 7-қосымша
нысан
Коды___________________
Облыс (қала) ________________
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
__________________________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің
20__ ж. «___» _________ № ___________ шешімі
Субсидиялауға жататын __________________________________________ теңге
(сомасы сандармен және жазбаша)
сомасындағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару 20__ж. «___» ________ бастап 20__ж. «___» ________ дейін қалпына келтірілсін
Тегі ________________________________________________
Аты ________________________________________________
Әкесінің аты (болған кезде) _____________________________
ЖСН _______________________________________________
Туған күні ___________________________________________
Негіздеме _______________________________________________________
________________________________________________________________
(себебі көрсетілсін)
Департамент басшысы __________________________________________(ТАӘ)
Басқарма (бөлім) басшысы ______________________________________(ТАӘ)
Маман _________________________________________________________(ТАӘ)
Шешімнің жобасын дайындаған:
Орталық филиалының директоры __________________________________(ТАӘ)
Орталық филиалының маманы ____________________________________ (ТАӘ)
Орталық бөлімшесінің бастығы ___________________________________ (ТАӘ)
Орталық бөлімшесінің маманы ____________________________________(ТАӘ)
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларына 8-қосымша
нысан
АНЫҚТАМА
Төлеушінің атауы__________________________________________________
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) немесе жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) және міндетті зейнетақы жарналарын төлеушінің орналасқан жері____________________________________________________________
Қызметкердің Т.А.Ә. ______________________________________________
Қызметкердің жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) ________________________
Бала күтімі бойынша жалақы сақталмайтын демалыс туралы бұйрықтың нөмірі және күні ____________________________________________________________
________________________ 10 % міндетті зейнетақы жарналарын аудару
(кезеңі (ай, айлар) көрсетілсін)
____________________________________________________________________
(негіздеме көрсетілсін: сыйлықақы, материалдық көмек берілді және т.б., еңбек қызметі қалпына келтірілді және басқалар)
негіздемесі бойынша __________________________________________________
(төлем тапсырмасының күні және нөмірі көрсетілсін)
сәйкес 20 ____ж. _________________ жүргізілді.
Анықтама Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа тапсыру үшін берілді
Мөр орны
Басшы _________________
(қолы)
Бас бухгалтер ______________
(қолы)
___________________________
Т.А.Ә.
___________________________
Т.А.Ә.
Берілген күні: 20 ___ жыл «__» _________
Ескертпе: Мен ______________________________________________________
(қызметкердің Т.А.Ә.)
Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Sms-хабар арқылы, телефон байланысы арқылы міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту, аударуды тоқтата тұру) туралы хабарламаға келісім беремін.
Ұялы телефон нөмірі ____________________________
Күні ________ Өтініш берушінің қолы_______________
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларына 9-қосымша
нысан
Коды___________________
Облыс (қала) ________________
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
__________________________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің
20__ ж. «___» _________ № ___________ шешімі
Субсидиялауға жататын _______________________________________ теңге
(сомасы сандармен және жазбаша)
сомасындағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару 20__ж. «___» ________ бастап тоқтатылсын.
Тегі _______________________________________________
Аты _______________________________________________
Әкесінің аты (болған кезде)____________________________
ЖСН ______________________________________________
Туған күні __________________________________________
Негіздеме ___________________________________________________________
(себебі көрсетілсін)
Департамент басшысы ______________________________________(ТАӘ)
Басқарма (бөлім) басшысы _____________________________________(ТАӘ)
Маман ________________________________________________________(ТАӘ)
Шешімнің жобасын дайындаған:
Орталық филиалының директоры __________________________________(ТАӘ)
Орталық филиалының маманы ____________________________________ (ТАӘ)
Орталық бөлімшесінің бастығы ___________________________________ (ТАӘ)
Орталық бөлімшесінің маманы ____________________________________(ТАӘ)
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларына 10-қосымша
нысан
Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының қате аударылған
сомаларын қайтаруға филиалдың өтінімі
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК
Бас директорына
1. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын төлеушінің деректемелерi:
Атауы __________________________________________________
БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша_________________________
СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша)__________________________
БЖК _________________________
ЖБК __________________________________
2. Қателер жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері
№ ___________ күні «____»______________ 20 _____ жыл
Төлем тапсырмасының жалпы сомасы_______________________________
3. Салымшының деректемелері__________________________________________
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күні)
Салымшының ЖСН ___________________________________________________
Салымшы жарнасының сомасы, кезеңі ___________________________________
Қайтарылуға тиісті сома, кезеңі_________________________________________
4.___________________________________________________________________
байланысты кейінгі төлемдермен түзету мүмкіндігі жоқ.
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз:
____________________________________________________________________
(кәсіпорынның толық деректері, барлық банктік деректемелер көрсетіледі)
(басшының қолы) ___________________________
(бас бухгалтердің қолы) ________________________
М.О. ______________
(күні)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10091 болып енгізілді.