Саясат • 01 Қаңтар, 2025

Құбылмалы кезең

25 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жалпы, 2025 жыл белгісіздік, яғни алдын ала нақты өзгеріс болатын жағдайларды, оның ішінде қай салада қандай өзгеріс болатынын бөліп-жарып айтуға келмейтін кезең болмақ. Халықаралық саясаттағы трансформациялық сайлау, экономикалық құбылмалылық, жаһандық бейбітшілік пен өркендеудің болашағына қатысты белгісіздік басым болады. Дональд Трамптың АҚШ президенттігіне оралуы бүкіл әлемде резонанс тудырады. Оның болжамсыздығы, даулы саясаты және популизмге үндеуі бүкіл әлемде сезіледі.

Құбылмалы кезең

Сурет: uainfo.org

Үш континентте шешуші сайлау өтеді, өйткені солшыл үкімет­тер билікке қайта келуге ұмтылады. Германияда Олаф Шольц екінші мерзімге үміткер болады. Аталған сайлау оңшылдардың күшін сынақтан өткізеді. Дегенмен Шольц билікте қалуы мүмкін, өйткені немістердің тарихына қарасақ, канцлерлеріне бірнеше мерзім берген. Ал Аустралияда Еңбек партиясының өкілі Энтони Альбанезе билікте қалуға жаңа мандат іздейді. Канадада Джастин Трюдо он жылға жуық қызмет еткеннен кейін, өзінің төртінші сайлауы қарсаңында отставкаға кетуге мәжбүр болады. G7 көшбасшылары маусым айында Канадада кездескен кезде Трюдо көшбасшылықтан үміттенеді. Қытай мен Ресей сияқты қуатты елдерді сай­лауға түспейтін ұзақ және қартайған көшбасшылар басқарады. Жалпы, саясаткерлер үшін сайлау науқаны кезінде берген немесе беретін уәделерін орындау қиынға соғады. Д.Трамп және Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер сияқты көшбасшыларға бұл жаңа жыл экономикаға ерекше назар аударуды қажет етеді. Шын мәнінде, 2025 жылы экономика үлкен рөл атқарады. Саясаткерлердің беделін нығайтатын құралға айналады.

Халықаралық Валюта қоры 2025 жылы «тұрақты, бірақ көңіл көншіт­пейтін» экономикалық өсім болатынын болжап отыр. Криптовалюталар қайтадан тез баю схемасы ретінде қарастырылады, биткоиннің бағасы өткен жылы екі еседен аса өсті.

2025 жылдағы белгісіздік тек сауда соғысынан ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллект сияқты қарқынды дамып келе жатқан технологиялардан да туындайды. Саясаткерлер жасанды интеллектіні «қуып жетуге» тырысып-ақ жатыр, ал адам мен машина арасындағы шекара барған сайын бұлыңғыр болып келеді.

Дональд Трамп Украина мен Ресей арасындағы шекара шайқасын, сондай-ақ Газа және Таяу Шығыстың басқа бөліктеріндегі шиеленістерді тоқтату шараларын қабылдайты­­нын мәлімдеді. Осы орайда Трамп шие­леніс пен қақтығыстарды азайту­ға әрекет етеді. Ал Солтүстік Корея, Иран секілді елдердің басшылары жаңа жылда өз мүдделерін алға жылжытып, сондай-ақ супер державаларды «ысыратындай» мүмкіндіктер іздейді. Таяу Шығыс  әдеттегідей  авторитаризмнің, ұлтшылдықтың, діннің және супер державалардың қатысуымен әлемнің ыстық нүктесі болып қала береді. Сирия диктаторы Башар Асадтың Ресейді паналауы елдің тұрақтылығына әкелмейді, керісінше аймақтағы тұрақсыздықты күшейтуі мүмкін. 2025 жылы саяси және әскери, сондай-ақ экономикалық құбылмалылық аса өзгере қоймайды.

 

Джо АДЕТУНДЖИ,

саяси сарапшы, «The Conversation» журналының редакторы (Ұлыбритания)