Басылым • 01 Қаңтар, 2025

Басылымдар белесі – оқырман тойы

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл қазақ журналистика тарихындағы мерейтойлар жылы болғалы тұр. Есігімізді қағып тұрған ресми жаңа жылда қазақ руханиятында өзіндік орны бар бірнеше басылым мерейтойларын атап өтеді.

Басылымдар белесі – оқырман тойы

Тойдың үлкені «Қазақ газет­тері» шаңырағындағы «Ка­зах­станская правда», «Ақ жел­кен», «Ұлан», «Мысль», «Ана тілі» ба­сылымдарында  өтпек. Осы­дан 100 жыл бұрын, яғни 1925 жылы қазіргі «Ақ жел­кен­нің» алғашқы саны, сол кездегі Қазақ автономиялық рес­публикасының астанасы Орынборда «Пионер» деген атаумен жарық көрген болатын. Әдебиет алыптарының қаламының ізі қалған басылым бір ғасыр уақыт ішінде ұлт руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.

Соның ішінде ақын Фариза Оңғарсынова басқарған кезеңінің орны бөлек.

2025 жылы қазақ жұртшы­лығы «Ұлан» газетінің 95 жыл­дығын да атап өтеді. Алғашын­да «Жас Алаш» газетінің қосымшасы ретінде жарық көрген басылым 1930 жылдың 5 қарашасында өз алдына жеке отау тігіп, бала­лар­дың сүйікті газетіне айнал­ды. Осылайша, «Ұлан» 95 жыл бойы қазақтың болашақ қалам­гер­лерінің қаламын ұштап келеді.

Сондай-ақ 1990 жылдың 22 наурызында қазақ тілінің құтханасына айналған «Ана тілі» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартқаны бел­гілі. Яғни ұлт басылымының 35 жылдық мерейтойы да та­балдырығымызды аттады.

Биыл Қа­зақ­станның орыс тіл­ді журна­листикасын­да да атау­­лы мере­келер аз емес. Биыл бұқара «Мысль» журналы мен «Ка­зах­­станская правда» газет­терінің де 105 жылдығын тойлайды.

«Қазақ газеттері» атты бір шаңы­рақтың астында бірік­кен жоғарыдағы тарихи басы­лым­дар­дың бәрін ««Egemen Qazaqstan» ұжымы мерейтойларымен шын жүректен құттықтайды. Сонымен бірге 2025 жылы 25 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан балаларға арналған «Айгөлек» журналы мен «Қа­зақ үні» газеттеріне де шығармашылық табыс тілейміз!