Мәдениет • 01 Қаңтар, 2025

Бүгін актриса Бикен Римованың туған күні

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін театр және кино актрисасы Бикен Римованың туған күні, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін актриса Бикен Римованың туған күні

Қазақ ССР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бикен Римова шығармашылық жолын Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» қойылымындағы Еңлік рөлін сомдаудан бастаған.

Театрдағы рөлдері көбінесе әйел образын ашуға, болмысын көрсетуге бағытталған. М.Әуезовтың «Еңлік-Кебегінде» Еңлік, «Қаракөзде» Маржан, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Анасында» Жер-Ана, Н.Гогольдің «Ревизорында» Пошлепкина т.с.с. рөлдерін ерекше атап өтуге болады.

Актриса «Тақиялы періште», «Менің атым Қожа», «Шабандоз қыз», «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» сынды бірқатар киноларда, өмірінің соңғы жылдары отандық «Тоғысқан тағдырлар» телехикаясында рөлдерін сомдады.