Оқиға • 06 Қаңтар, 2025

100 келі балық: Жетісуда браконьер ұсталды

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған фактіні «Табиғатты қорғау» полициясының қызметкерлері Лепсі өзені бойында жүргізген рейд барысында анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

100 келі балық: Жетісуда браконьер ұсталды

Фото: Polisia.kz.

Тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдаланып браконьерлікпен айналысқан Талдықорған қаласының 33 жастағы тұрғыны ұсталып, бұзушыдан ұзындығы 100 метр және ені 5 метр 8 балық аулауға арналған тор, 16 темір тор, сондай-ақ қайық және 100 келіден астам балық табылған. 

Polisia.kz-тің ақпаратынша табиғатқа келтірілген залал алдын ала есептеулер бойынша шамамен 777 мың теңгені құрап отыр.

Табиғатты қорғау қызметтері өкілдерінің айтуынша,  браконьерлік экожүйеге елеулі зиян келтіретіндіктен, онымен айналысушыларға 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жауапкершілігі қарастырылады.