«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, сейсенбі, 7 қаңтардан бастап республиканың басым бөлігінде ауа-райы ылғалдың үлкен қоры бар Оңтүстік Каспий циклонымен қалыптасады.
7 қаңтарда Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында – қар жауып, боран соғады.Оңтүстік-батыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда – жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Болжам бойынша, 8 қаңтарға қараған түні батыс антициклонымен ауа температурасын күрт төмендететін суық ауа массаларының басып кіруі күтіледі:
- түнде республиканың солтүстік жартысында -15-25°С аязға дейін,
- оңтүстігінде -5-15°С аязға дейін,
- Алматы және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында -20-25°С аязға дейін төмендейді.
«Алайда, 9 қаңтарда күндіз ауа температурасы қайтадан көтеріледі: республиканың солтүстік жартысында 0-5°С аязға дейін, оңтүстік жартысында 0+5°С дейін», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Сондай-ақ Қазақстанда желдің күшеюі, тұман және көктайғақ күтіледі.