Аймақтар • Кеше

«Газельді» жайлы автобус алмастырды

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласында қоғам­дық көліктерді жаңарту үз­діксіз жүргізіліп жатыр. Жа­ңа жыл мере­кесі қар­са­ңын­да облыс орта­­лығына 12 жаңа автобус әке­лінді.

«Газельді» жайлы автобус алмастырды

Суретті түсірген – Валерий Бугаев

Қоғамдық көліктер жақын күндері «Таксомотор» ЖШС қызмет көрсететін 003 бағыты бойынша қала көше­леріне шығып, қозғалыс арал­ығы 10 минуттан 8 минутқа дейін қысқарады деп күтіліп отыр. 57 орын­дық жаңа автобус­тар мүмкіндігі шектеулі жан­дардың мініп-түсуі үшін жиналмалы аппарельмен жабдықталған. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін салқындатқыш, гаджеттерді қосуға ар­налған USB-порт­тар бар, сондай-ақ са­лонға 7 бейнекамера орнатылған.

Мерекеге орай «Ertis» футбол клубына жайлы автобус сыйға тартылды. Оған «№1 автобус паркі» ЖШС демеушілік көрсеткен. 43 жолаушыға арналған «Yutong» маркалы автобустың шалқаймалы орындықтары және аяққа арналған жастықтары бар.

«Келер жылы «Ertis» футбол клубына 60 жыл толады. Аты аңызға айналған команданың мерейтойы қарсаңында бұл лайықты сыйлық. Біздің даңқты клубты жандандыруға көмектескен, сүйікті коман­дамызға әлі де қол­дау көрсетіп жат­қан жандарға алғы­сымды айтамын», деп атап өтті өңір басшысы Асайын Байханов.

Былтыр біздің ойыншылар екінші лиганың чемпионы атанып, мау­сымды бірінші лигаға шығумен аяқ­тағаны мақтануға тұрарлық. Ендігі міндет – Премьер-лигаға оралу.

 

ПАВЛОДАР