Қоғам • Кеше

Қоныстой берекесі

156 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мұнайлы шаһарда пәтер кезегінде тұрғандар аз емес. Олардың арасында түрлі санаттағы отбасылар бар. Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің мәліметінше, жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тұрған 550-ге жуық адам жаңа баспанаға ие болған.

Қоныстой берекесі

«Қалада жаңадан салынған «Модерн» және «Латифа» тұрғын үй кешендерінен берілген жаңа пәтерлерге апатты үй­лерді паналап келген, әлеуметтік тұрмы­сы төмен отбасылар мен кезекте тұр­ған тұрғындар қоныстанды. Бұл – тұр­ғындардың әл-ауқатын арт­тыруға ба­ғытталған мемлекеттік бағдарлама­лардың жемісі», дейді Ш.Кейкин.

Сондай-ақ Атырау қала­сының маңындағы Дам­бы және Аспа ауылдарынан бірнеше отбасы жаңа қо­нысқа көшірілді. Зарослый ауы­лын­дағы жа­ңадан салынған жеке үйге ие болған­дардың қата­рында Аспа елді мекенінің тұрғыны Дәрмия Шыңғалиева да бар. Оның айтуынша, көк­темгі су тасқыны кезінде аталған елді мекенге қауіп төнген.

Жаңа жыл таяған сәтте тағы 91 отбасы жаңа пәтерге ие болып, қуанышқа кенелді. Енді олар 2025 жылды жаңа қоныста қарсы алатын болды.

«Жаңа жыл қарсаңында 91 отба­сына жаңа пәтер бері­ліп отыр. Жаңа қонысқа көш­­кендердің арасында әлеуметтік тұр­мысы төмен, көп­балалы және асырау­шы­сынан айы­рыл­ған отбасылар мен мүм­кіндігі шек­теулі жандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отыр­ғандар бар. Ата-ана қам­қорлығынан тыс қалған жастарға да пәтер берілді. Жер­гілікті әкімдік осындай санат­тағы тұрғындардың тұр­мысын жақ­сартуды жалғастыра бе­реді», дейді Ш.Кейкин.

Жаңа баспана «Аягөз» және «Ла­тифа» тұрғын үй кешенінен бе­рілген. Екі және үш бөлмелі пәтерлер барлық заманауи талапқа сай салынған. Жаңа пәтерге ие болған тұрғынның бірі – Эльмира Са­дықова. Оның күйеуі мүмкіндігі шектеулілер санатындағы І топ мүгедегі.

«Біз бұл баспананы көп жыл күттік. Тұрғын үй кезегінде 10 жылдан бері тұрамыз. Сонда да үміт үзбедік. Міне, жа­ңа жыл қарсаңында сол үмітіміз ақта­лып, баспанаға қол жеткіздік», дейді Э.Садықова.

 

Атырау облысы